«NNEF» Қоғамдық Қоры

Educational Foundation - Bridge to the Future!

Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті

logoiitu.png

«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ (ХАТУ) – Орталық Азия өңіріндегі білікті және халықаралық  мойындалған IT-мамандарды даярлау саласындағы жетекші жоғары оқу орны ретінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылғы 2 сәуірде құрылды.

Университет салалық технологиялар, озық менеджмент, экономика және коммуникативтік дағдыларды меңгерген, ағылшын тілін тереңдетіп білетін АКТ саласындағы жаңа буын мамандарын қалыптастырады және blended learning технологиясын онлайн курстардың жетекші әлемдік провайдері – Coursera-мен бірлесіп оқу процесіне енгізген Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз жоғары оқу орны болып табылады.

ХАТУ келесі білім беру бағдарламалары үшін 1100 мемлекеттік мақсатты гранттармен қамтамасыз етілген:

  • Физика мұғалімдерін даярлау
  • Информатика мұғалімдерін даярлау
  • Журналистика және репортер ісі
  • Ақпараттық технологиялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Коммуникациялар және коммуникация технологиялары
  • Менеджмент және басқару
  • Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі

ХАТУ KAIST, Inha, Gachon (Оңтүстік Корея), Schmalkalden University of Applied Sciences, University of Applied Sciences Hof, Fachhochschule Dortmund – University of Applied Sciences and Arts (Германия), University of Pisa (Италия), Universiti Tenaga Nasional, Мара Университеті (Малайзия) және т.б. университеттерді қоса алғанда бакалаврлар мен магистрлерге арналған студент алмасу және қос дипломдық бағдарламаларды, бірлескен форумдар мен ғылыми-зерттеу мүмкіндіктерін, сондай-ақ жазғы мектептерді ұсына отырып, 70-тен астам халықаралық серіктестермен интеграцияны табысты жүргізуде.

Университет сайты: www.iitu.kz

Top