«NNEF» Қоғамдық Қоры

Educational Foundation - Bridge to the Future!

АЭжБУ

Алматы энергетика және байланыс университеті 1997 жылғы 10 қаңтарда 1975 жылдан 1997 жылға дейін жұмыс істеген Алматы энергетикалық институтының (АЭИ) базасында құрылды. Бұл жаңа оқу жылында ребрендинг өткізетін коммерциялық емес мәртебеге ие алғашқы мемлекеттік емес техникалық университет. Брендтің заманауи тұжырымдамалық философиясы университеттің атауына да қатысты.  Ол Energo University айналды – бұл жаңа мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған және жаңа білім беру тәсілдерін енгізуді, инновациялық технологияларды дамытуды, бағдарламалар мен курстарды еңбек нарығының қажеттіліктеріне бейімдеуді, кәсіпорындармен және қоғаммен серіктестік қатынастарды нығайтуды, сондай-ақ ұйымдық мәдениет пен басқару процестерін  өзгертуді қамтитын заманауи талаптар мен қиындықтарға сай болуға  бағыталған  белсенді өзгерістер мен даму процесі.

АЭжБУ – бүкіл Орта Азия өңірінде энергетика, телекоммуникация және IT-технологиялар бойынша сұранысқа ие мамандарды даярлайтын Қазақстандағы аздаған тауашалық жоғары оқу орындарының бірі.

Университет колледж, бакалавриат, магистратура және PhD докторантураны қоса алғанда, барлық оқу деңгейлерінде білім беру бағдарламаларын ұсынады. Біздің мақсатымыз – студенттерге таңдаған саласында табысты мансап үшін негіз болатын сапалы білім беру.

Біз білім беру бағдарламаларының кең спектрін ұсынамыз:

B057 Ақпараттық технологиялар

B058 Ақпараттық қауіпсіздік

B059 Коммуникациялар  және коммуникация технологиялары

B062 Электротехника және энергетика

B063 Электротехника және автоматтандыру

B064 Механика және металл өңдеу

B067 Әуе көлігі және технологиялар

B094 Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар

B183 Агроинженерия

Университетте 24 бакалавриат, 11 магистратура және 6 докторантура білім беру бағдарламалары бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқыту жүргізіледі. Университет Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінде (IAAR) институционалды және мамандандырылған аккредиттеуден өтті. Қазақстанның Ұлттық үздік техникалық жоғары оқу орындарының рейтингінде АЭжБУ Энергетика, информатика және телекоммуникация саласындағы кадрларды даярлау бойынша үздік университет брендіне ие. Түлектерінің 100%-ға жуық жұмысқа орналасуы  және келесі білім беру бағдарламалары бойынша көшбасшы орын алатын 10 топқа кіреді:

Жылу энергетикасы-1 орын;

Электр энергетикасы-1 орын;

Радиотехника, электроника және телекоммуникация-1 орын;

Аспап жасау-1 орын.

Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері-2 орын;

Ғарыштық техника және технологиялар-2 орын.

АЭжБУ 4 мамандық – Электр энергетикасы, Жылу энергетикасы, Радиотехника, электроника және телекоммуникация, Ғарыш техникасы және технологиялары  бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің базалық ОӘБ болып табылады. АЭжБУ-да 3 бағыт – Электр энергетикасы, Жылу энергетикасы, Радиотехника, электроника және телекоммуникация бойынша диссертация қорғау жөніндегі докторлық кеңес жұмыс істейді.

АЭжБУ миссиясы – әлемдік интеграция мен жаһандану жағдайларына бейімделген елдің индустриялық-инновациялық дамуы үшін ұлттық білім экономикасының үздік зияткерлік ресурстарын және ең озық технологияларды қалыптастыру.

Top