«NNEF» Қоғамдық Қоры

Educational Foundation - Bridge to the Future!

SOS Балалар ауылдары

SOS Балалар ауылдары – 60 жыл бойы балалардың мүдделерін, құқықтары мен қажеттіліктерін қорғаумен айналысып келе жатқан мемлекеттік емес әлеуметтік ұйым. Ұйым қамқорлығы аясында отбасынсыз, қараусыз және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ тұрмысы нашар отбасылар болады.

SOS Балалар ауылдары және SOS Жасөспірімдер үйлері бүгінде барлық континенттердегі 65 000 балалар мен жастардың үйіне айналды. Әлемде жүздеген мың адамдар SOS Балалар ауылдарының білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік бағдарламалар мен жедел жәрдем акциялары арқылы көмек алады. SOS Балалар ауылдары қиындыққа тап болған балаларға отбасын береді, өз болашағын өз бетінше құруға көмектеседі, жергілікті қауымдастықтардың дамуына ықпал етеді.

Cайт:  http://www.sos-kazakhstan.kz/

Top