«NNEF» Қоғамдық Қоры

Educational Foundation - Bridge to the Future!

Astana IT University

Astana IT University Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылды.

Университет мұраты

Astana IT University - Орталық Азиядағы цифрлық трансформация бойынша құзыреттердің жетекші орталығы.

Ауқымды мақсат

Пәнаралық технологиялар негізінде цифрлық экономика саласының жоғары білікті мамандарын даярлау.

Стратегиялық мақсаттар

  • IT-технологиялары және білімнің сабақтас салаларында мемлекет сұранысына жауап беретін кадрлар даярлаудың тиімді жүйесін құру;
  • АКТ және онымен сабақтас салалардағы ғылыми зерттеулер мен білім беру процесін кіріктіру;
  • Жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікке ие болашақ маманның жеке тұлғасын дамыту;
  • Университеттің барлық қызметкерлерінде жоғары жауапкершілік пен бәсекеге қабілеттілікке ие  корпоративтік басқаруды дамыту;
  • Smart Campus қалыптастыру және университет инфрақұрылымын кеңейту.

Университет астананың Astana Hub және AIFC Fintech Hub сияқты IT-инфрақұрылымы орталығында орналасқан.

Университет студенттері ақпараттық технологиялар саласындағы web-әзірлемелер, бағдарламалау, робот техникасы, машиналық оқыту, Big Data, жасанды интеллект, телекоммуникация және IT-жобаларды басқару пәндерін оқып-үйренеді.

Astana IT University келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды: Computer Science; Software Engineering; Big Data Analysis; Industrial Automation; Media technologies; Cyber Security; Telecommunication Systems; IT Management; Digital Journalism, Astana IT University-нің барлық білім беру бағдарламалары келешек 20 жылдықтың үздік мамандықтарының қатарына кіреді.Оқыту ағылшын тілінде жүреді;

3 жылдық оқу бағдарламасы;

Жыл сайын мақсатты гранттар бөлу;

Үздік іс-тәжірибелер  мен халықаралық тәжірибеге ие профессорлар;

Cisco, Kaspersky, HP, Kolesa Group, ASBIS (Apple Authorized Distributor), 1C, Chocofamily, Huawei, Lenovo, KPMG сертификатталған курстар мен IT-вендор зертханалары:

Ыңғайлы оқу ортасы: Coworking аймақтары, Open space, GYM, дом студентов в ЖК Expo Residence ТК студенттер үйі, recording-студия, телестудия және т. б;

Жоғарыда айтылғандармен қоса, Astana IT University студенттердің стартап-жобаларын алға жылжытумен және жобаларға инвестициялар тартумен белсенді айналысады.

 

Университет сайты: https://astanait.edu.kz/

Top