NNEF Қоғамдық қоры ҚБТУ ғимаратын мемлекет меншігіне берді
NNEF Қоғамдық қоры Алматыдағы Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) орналасқан ғимаратты өз еркімен және өтеусіз негізде мемлекеттік меншікке берді. Бұл ретте ҚБТУ акциялары NNEF қорының меншігінде сақталады.
Қазіргі уақытта Қор Алматы қаласы әкімдігімен ғимаратты Университетке сенімгерлік басқаруға беру туралы келіссөздерді жалғастыруда.
ҚБТУ-дың тарихи ғимараты Алматы қаласы мен жалпы Қазақстан үшін сәулеттік және мәдени құндылықты білдіреді. Оның мемлекеттік меншікке ауысуы осы объектіні ұзақ мерзімді сақтауға және ұқыпты басқаруға бағытталған жауапты шешім ретінде қарастырылады.
2018 жылы Университетті сатып алған сәттен бастап Қор қызметтің барлық бағыттары бойынша ЖОО-ны трансформациялау және дамыту саясатын дәйекті түрде іске асырып келеді:
* студенттер контингентінің 1800-ден 9000 адамға дейін динамикалық өсуі қамтамасыз етілді;
* бірегей білім беру бағдарламалары құрылды;
* жоғары технологиялық жабдықталған 40-қа жуық ғылыми зертхана ашылды;
* материалдық-техникалық базаны нығайтуға шамамен 14 млрд. теңге инвестицияланды, оның ішінде барлық инженерлік жүйелердің 90%-ы қайта жаңартылды, ішінара күрделі жөндеу жүргізілді;
* жаңа жұмыс орындары құрылды, бүгінде Университетте 1000-нан астам қызметкер мен ОПҚ жұмыс істейді;
* студенттер үшін қолайлы жағдайлар жасалды: 980 орындық екі жаңа заманауи жатақхана және жалпы ауданы 2400 шаршы метр үлкен спорт кешені салынды;
* Университеттің қаржылық тұрақтылығы қамтамасыз етілді, бұл ретте алынған барлық пайданы Қор Университетті инновациялық дамытуға және әлеуметтік бағдарламаларды шешуге бағыттайды.
Қор мен ҚБТУ Университеттің елдегі техникалық білім берудің көшбасшысы ретіндегі ұстанымын нығайтуға бағытталған даму стратегиясын әзірлеп, іске асыруда. Стратегияға сәйкес студенттер мен оқытушылардың оқуы, жұмыс істеуі мен дамуы үшін қолайлы және заманауи жағдайларды қамтамасыз ететін жаңа оқу кампусын салу жоспарлануда.